Құрылыс салушы «SENSATA HOLDING» ЖШС және уәкілетті компания «Жас-Саулет К» ЖШС «Aisafa» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы) кепілдігін алды.
Тұрғын үй кешені Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Ш. Қалдаяқов көшесі мен А52 көшесінің қиылысы мекенжайында орналасқан.
9 қабатты 8 тұрғын үй кешенінен тұратын кешенде жалпы пәтер саны – 327, оның ішінде:
- бір бөлмелі – 145,
- екі бөлмелі – 113,
- үш бөлмелі – 53,
- төрт бөлмелі – 16.
Коммерциялық үй-жайлар – 5, паркинг орны – 151.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы – IV.
Еденнен төбеге дейін биіктігі – 3 м.
Пәтерлер жақсартылған бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Жас-Саулет К» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
