«Атырау қаласында Нұрсая шағын ауданында 9 қабатты төрт тұрғын үй салу» жобасы бойынша кепілдік беру жағдайын тану туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) келесіні хабарлайды.
2021 жылғы 26 қарашада «Атырау Ж.Б.И.-2005» ЖШС және «MBS Capital» ЖШС-мен «Атырау қаласында Нұрсая шағын ауданында 9 қабатты төрт тұрғын үй салу» жобасы бойынша №ДПГ-21-06-042/095 кепілдік беру туралы келісім шарт басталғаны туралы хабарлайды. Шартқа сәйкес объектіні пайдалануға беру мерзімі – 2022 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей берілуі тиіс.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілді жағдайдың басталу фактісі анықталған жағдайда Бірыңғай оператор үш жұмыс күні ішінде көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімі бұзылған кезде кепілді деп тану туралы шешім қабылдайды. Құрылыс объектісінің жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бастап құрылыс мерзімін үш айдан үш мәрте ұзартуға жол беріледі.

Сонымен қатар, «MBS Capital» ЖШС өтініштерінің негізінде Бірыңғай оператор үш рет құрылыс мерзімдерін ұзартуды мақұлдады (2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2023 жылдың 1 маусымына дейін).
Бүгінгі таңда объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаған және объект пайдалануға беруге дайын емес.

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау жауапкершілігі мақсатында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Атырау қаласында Нұрсая шағын ауданында 9 қабатты төрт тұрғын үй салу» объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы хабарлайды.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ объект құрылысын қайта бастау және тезірек аяқтау үшін тиісті іс-шараларға кіріседі.