БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасының аумақтарын кешенді дамыту стандарты» оқу құралының тұсаукесерін өткізу туралы

Өтетін күні, уақыты: 14 наурыз, сағат 11.00
Өтетін орны: «Бәйтерек» ҰБХ АҚ ғимараты, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ конференц-залы
Ұйымдастырушылар: «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Аккредиттеуге арналған телефон: +7 747 661 98 93, Айғаным Мұқатай

14 наурыз күні сағат 11.00-де Астанада «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» кітабының тұсаукесері өтеді.
Аумақтарды кешенді дамыту стандарты — бұл салынған аумақтарды дамыту және жаңа аумақтарды игеру бойынша әдістемелік нұсқаулық. Бұл стандарт қала құрылысы және сәулет жобалауы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ урбанистиканы білімнің заманауи қолданбалы саласы ретінде дамыту мақсатында дайындалды.

Стандарт 6 кітап пен 4 каталогтан тұрады, олар тұрғын үй және көп функционалды құрылыс аумақтарын қалыптастыру және түрлендіру құралдарының кешенді базасын құрайды.
Кітапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ қолдауымен және ERG компаниясының қаржылық қолдауымен Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарды.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, урбанистер, қалалық көлік, көгалдандыру, қала құрылысы мамандары, жоғары оқу орындары, ұлттық компаниялар, авторлық ұжым, баспа тобы т.б. қатысады.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2394
pr@khc.kz, www.khc.kz