Өскемен қ. 21 қыркүйек 2023 жыл
Бүгін ШҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚТК) өкілдері құрылысшылар одағымен, ТКШ-пен бірлесіп Өскемен қаласының құрылыс салушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара Бірыңғай оператор арқылы үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.
Спикерлер кепілдік беруге өтінім беру кезінде үлгілік қателерді жою бойынша ұсыныстар берді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын ынталандырудың қосымша шаралары бойынша пікірлер тыңдалды.
Жақында ҚТК және «Biryuza Development» ЖШС, «УК Шаңырақ Строй» ЖШС «Өскемен қаласында жерасты паркингі және коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысы» жобасы бойынша кепілдік беру туралы шарт жасасты. Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «ВВД-Құрылыс» ЖШСнде ҚТК-дан қолданыстағы екі кепілдік бар.
Толық ақпарат алу үшін әзірлеушілер өтінімді бірыңғай оператордың ресми сайтында немесе Digital Baiterek порталында «Консультация қажет» терезесінде қалдыра алады. Жаңартылған тізім және құжаттардың жаңа үлгілері мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://digital.baiterek.gov.kz/services/guranteeing001.
Сонымен қатар, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, жосықсыз құрылыс салушылар, алданған үлескерлер туралы тақырыпты қозғады, бірыңғай ақпараттық жүйенің – «Қазрестр» жұмысына ерекше назар аударды. Құрылған ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде тұрғын үй құрылысындағы үлестерді есепке алуды мемлекеттік тіркеу саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған түрінде жинау (енгізу), өңдеу, өзектендіру, сақтау және талдау.
«Жүйе үлестік қатысу шарттарын тіркеу туралы үзінді көшірме беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету уақытын едәуір қысқартуға, сондай-ақ үлестік құрылыс нарығында тұрғын үйді «қосарланған» сатуды болдырмауға мүмкіндік береді. Сатып алушылар мұндай келісімді жасағаннан кейін құрылыс салушылардан осы үзінді көшірмені сұрауы керек. Бұл жүйені құру нарықты неғұрлым ашық етеді, бұл үлескерлерге белгілі бір құрылыс салушыларды зерделеп, талдап, алдаудан қорғануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алтай Күздібаев.
ҮҚК тіркеуін үлескерлер келесі сілтеме https://homeportal.kz/login?shareholder=true бойынша тексеруге кеңес беріледі.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі. 2394