БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ақтау қаласының құрылыс салушыларымен кездесу

Астана қ.                                                                                                           10 маусым 2024 ж.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Ақтау қаласы Әкімдігінің алаңында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционері болып табылады) өкілдері Ақтау қаласының құрылыс салушыларымен кездесті.

Кездесуге қатысушыларға ҚТК тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері таныстырылды. Сондай-ақ, Бірыңғай оператордың кепілдігін алу талаптары бойынша құрылыс салушылардың сұрақтарына, ҚТК Кепілдігін беру кезінде шарттардың барлық түрлерін жасасу рәсімі, заңнамада көзделген субсидиялауға өтінім беру рәсімі туралы жауаптар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «сұр» үлестік құрылыс нарығының үлесін төмендету мақсатында Бірыңғай оператордың кепілдігін алу үшін рәсімдерді жеңілдету және кедергілерді азайту бойынша бірқатар өзгерістер әзірленді.

homeportal.kz тұрғын үй порталында Қазақстанда салынып жатқан нысандар туралы ҚТК Кепілдігі және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар барлық ақпарат орналастырылған.

Баспасөз-қызметі

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ

+7 7172 797575, ішкі 2720

pr@khc.kz, www.khc.kz