БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Fitch Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының  

«BBB»,  «Тұрақты» болжам  деңгейіндегі рейтингін растады

Астана қ.                                                                                                   3 шілде 2024 ж.

Fitch Ratings «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-тың «ВВВ» деңгейіндегі шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі деңгейінде ҚТК рейтингін растауы Агенттіктің Үкімет пен  «Бәйтерек ҰБХ» АҚ акционері  тарапынан тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде қажетті қолдау көрсетілетіні туралы пікірін көрсетеді.

Компанияның 2023 жылғы таза пайдасы 41,8 млрд теңгені құрады, оның 70%  дивидендтер төлеуге жұмсалған. ҚТК активтері 2,5% – ға, 2022 жылмен салыстырғанда 1,48 трлн теңгеге дейін өсті.

ҚТК құрылыс салушыларға қаржыландыруды, субсидияларды және құрылыстың аяқталуына кепілдік бере отырып, тұрғын үй нарығындағы ұсынысты ынталандырады.

Бұдған қоса, ҚТК кепілдік беру жағдайы басталған кезде үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жауап береді. Үлестік құрылысқа кепілдік беру тетігі мыңдаған қазақстандықтарға қолжетімді және сапалы баспана алуға көмектесе отырып, мемлекеттің әлеуметтік бағытталған міндеттерін шешуге көмектеседі. Қазақстанда әрбір бесінші тұрғын үй кешені ҚТК қаржы құралдарын тарта отырып салынды.

Бұған дейін, 2023 жылы ҚТК-ға Fitch Rating-тен «BBB» және Moody ‘ s-тен «Ваа3» рейтингтері берілген болатын.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, ішкі 2720

pr@khc.kz, www.khc.kz