«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚТК ) алаңында Әзірбайжаннан келген әріптестерімен кездесу өтті. ҚТК өкілдері ел халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, сондай-ақ құрылыс саласына қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының қызметі туралы ақпаратты бөлісті.
Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы. Елімізде қолжетімді баға сегменттерінде тұрғын үй құрылысын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ сұранысты қолдау бойынша қосымша шараларды қолдану қажеттілігі сақталуда.
Осыған байланысты, ҚТК Жалғыз акционер – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-пен бірлесіп, ақпараттық технологияларды белсенді қолдана отырып, тұрғын үй мәселесін шешуде және тұрғын үй нарығын теңгерімді дамытуда кешенді тәсілді қамтамасыз етеді. Холдинг бекіткен цифрландыру стратегиясын іске асыру аясында ҚТК үлкен жұмыс атқарды.
2022 жылы «Тұрғын үй порталы» АЖ және құрылыс материалдарының онлайн-платформасы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, бұл туралы Талдау және стратегия департаментінің директоры Рауан Хадесов толығырақ айтып беріп, тұрғын үй құрылысын қолдаудың басқа да жаңа құралдарын таныстырды. Соңғы енгізілген жаңалықтардың бірі-Halyk банк-пен бірлесіп іске асырылған Halyk қосымшасында салынып жатқан үлестік объектілерді тексеру сервисін іске қосу. Енді құрылыс кезеңінде тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтар құрылыс салушыларда ҚТК кепілдігінің немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсатының бар-жоғын тексере алады.
Кездесу барысында «Нұрлы жер» бағдарламасы және Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қаржыландырылатын жылжымайтын мүлік объектілері құрылысының барысын мониторингтеу мақсатында әзірленген «Нұрлы жер» ахуалдық орталығына ерекше назар аударылды.
«Бұл шешімдер бізге және стейкхолдерлерге заманауи техникалық бақылау құралдарын (камералар, дрондар, планшеттер және т. б.) қолдана отырып, салынып жатқан объектілерге қашықтықтан мониторинг жүргізуге; бөлінген қаражатты игеру және тұрғын үйді іске асыру мониторингі; ықтимал ауытқулары бар объектілерді іске қосу күнін болжау; жасанды интеллектті пайдалана отырып, ЖАО-дан фото -, бейне легі мен ақпаратты талдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Рауан Хадесов.
Кездесуге қатысушыларға, сондай-ақ ҚТК тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау, ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салуды/сатып алуды қаржыландыру механизмдері (ЖАО МБҚ сатып алу механизмі), жеке құрылыс салушылардан жалға берілетін тұрғын үй сатып алу (кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығымен) тәртібі таныстырылды.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz