Бүгін, алғашқы 20 отбасы салтанатты түрде жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Тұрғын үй 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде салынды және «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен Астана қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім министрлігі арасында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сату туралы қол қойылған Келісімге сәйкес пәтерлер жаңа иелеріне берілді. Келісімнің талаптары бойынша халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін бюджетшілер тұрғын үйді 20 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу арқылы ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен (3,1%) ала алады.
Марат Абдрахманов, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Жылжымайтын мүлікті басқару Департаментінің директоры: «Аталған нысан бойынша жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрден асатын 102 пәтер жүзеге асырылатын болады. 2024 жылы Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде еліміз бойынша 124 мың шаршы метрден астам тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отыр».
Пәтерлердің бақытты иегерлері арасында Айнұр Тахаева, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Бас әскери клиникалық госпиталі» РММ функционалдық диагностика дәрігері: «Тұрғын үй мәселесі – біздің заманымыздағы ең өткір мәселелердің бірі. «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының арқасында жеке баспана көптеген адам үшін арман емес, өмір шындығына айналды! Бүгін бәріміз үшін өте маңызды күн!».
Анықтама: «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ) – мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыруға, ел халқының сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілуін арттыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге бағытталған тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
7 7172 797575, ішкі 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz