БАСПАСӨЗ ХАБАРШЫСЫ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары кепілдік жағдайы туындаған нысанға барды

2023 жылғы 17 тамыз                                                                          Атырау қаласы

2021 жылдың 26 ​​қарашасында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Атырау Ж.Б.И.-2005» ЖШС, «MBS Capital» ЖШС арасында «Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданындағы 9 қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы» нысанына кепілдік беру туралы келісімге қол қойылды. Шартқа сәйкес, Нысанды 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей пайдалануға беру керек еді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «MBS Capital» ЖШС өтініштері негізінде Бірыңғай оператор құрылыс мерзімін үш рет ұзартуды мақұлдады (2022 жылғы 1 қыркүйектен 2023 жылғы 1 маусымға дейін);

 Ұзарту мерзімі аяқталғаннан кейін Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаған және Нысанды  пайдалануға беру дайын емес болып шықты

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кепілдік жағдайының басталу фактісі анықталуына байланысты Бірыңғай оператор ағымдағы жылдың 20 маусымында кепілдікті тану туралы шешім қабылдады. «Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшам ауданындағы 9 қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы» Нысаны бойынша кепілдік жағдайдың басталғанын жариялады».

Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы объектінің құрылысын қайта бастау және тезірек аяқтау үшін тиісті іс-шараларға кірісті.

Осы объектінің құрылысын аяқтау үшін қажетті қаражат «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да жеткілікті көлемде бар. Төрт 9 қабатты тұрғын үйдің 4-блогы ағымдағы жылдың соңына дейін, 2-блогы 2024 жылдың 1 – жартыжылдық соңында аяқтау жоспарлануда», – деп түсіндірді «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олжас Сансызбайұлы Жолдасбаев.

Баспасөз қызметі

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ

+7 7172 797575, ішкі. 2394

pr@khc.kz, www.khc.kz