«Бәйтерек» холдингі Абай күнін атап өтті

АСТАНА. KAZINFORM – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдармен бірлесіп, ойшыл, ғалым, композитор, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты кеш өткізді.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, опера әншісі Сүндет Байғожин, халықаралық конкурстардың лауреаты, опера әншісі Асхат Бөлебай және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдары және олардың республика өңірлеріндегі филиалдарының өкілдері қатысып, өнер көрсетті. 

Абай күні
Фото: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі

Кешті «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин алғы сөзімен және Абай өлеңімен бастады.

«Абай Құнанбайұлы – данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы. Абай мұрасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ байлық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген тағылымы мол шығармашылығы – қазақ әдебиетінің жауһары. Ұлттық компанияларда Абай күнінің атап өтілуі ақынның шығармашылығына деген құрметіміздің белгісі», – деп атап өтті холдинг басшысы.
Әдеби кешке Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов арнайы шақыртылып, қазақ тілі мен әдебиетіндегі Абай туындыларының маңызына тоқталды.

Абай күні

Кеш барысында Холдинг тобының қызметкерлері Абайдың түрлі тақырыптағы өлеңдері мен қара сөзін оқып, әндерін шырқап, күйін ойнап, жиылған жұртты өнерлерімен тамсандырды. Сонымен қатар, Холдингтің еншілес ұйымы «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Абай облысы филиалының қызметкерлері Абайдың ауылы Жидебайға арнайы барып, ақынның рухына тағзым етті.

Источник: https://kaz.inform.kz/news/bayterek-holding-abay-kunn-atap-ott-509927/ 