24 ақпанда «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті.
Кездесуде «ҚТК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев 2022 жылдың негізгі нәтижелері туралы айтып, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
2022 жылы «ҚТК» АҚ құралдары есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі 2009 жылдан бастап 10 млн.шаршы метрден астам құрады, сатып алу құқығы бар жалға берілетін тұрғын үй бойынша 331 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, «Тұрғын үй порталы» АЖ және құрылыс материалдарының онлайн-платформасы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Сондай – ақ Moodys Investors Servise – Baa3 рейтингтері расталды, болжамы «Тұрақты» деп танылды, – деді Алтай Шоқанұлы.
2021 жылғы жылдық есептер конкурсының қорытындысы бойынша ҚТК «Қаржы секторындағы 2021 жылғы Үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша жүлдегер атанды, Холдинг төрағасы Қанат Бисімбайұлы ұжымды айтарлықтай жетістіктерімен құттықтай келе, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілек білдірді.