Еуразиялық банк үлескерлердің ақшалай қаражатын мақсатты пайдалану мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жобаны ұсынды

Еуразиялық банк Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен бірлесіп Digital Bridge 2023 халықаралық форумында жаңа жобаны ұсынды.

Банк үлескерлердің қаражатын мақсатсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз ету үшін онлайн режимінде құрылыс салушылардың мамандандырылған шоттарын ашуды ұсынады.

Жоба шеңберінде қадағалау органдарының құрылыс жұмыстарының орындалғанын растайтын құжаттарды тексеруге және оларға қол қоюға мүмкіндік беретін функционал әзірленді.

Сондай-ақ, бұл шешім болжамды талдау есебінен жобаның құрылыс жоспарынан кез келген ауытқуын анықтай отырып, нақты уақыт режимінде тұрғын үй құрылысының барысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

«Еуразиялық банк пен Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының бірлескен жобасы еліміздің азаматтарына құрылыстың аяқталуына неғұрлым сенімді болуға мүмкіндік беретін құралды, ал мемлекетке мониторинг жүргізуге арналған құралды ұсынады», – деп атап өтті Еуразиялық Банктің Басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

«Біздің азаматтар өз қаражаттарын үлестік құрылысқа инвестициялау кезінде белгілі бір тәуекелдерге ұшырайды. Негізгі тәуекелдердің бірі – құрылыс салушының үлескерлердің жинақталған қаражатын мақсатсыз пайдалануы. Сондықтан, бұл шешім, ең алдымен, үлескерлердің қаражатының сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – деп түйіндеді Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев.

Сонымен қатар, цифрлық өнім құрылыс-монтаждау жұмыстарының, объектіні пайдалануға беру мерзімдерінің өзгеруі бойынша болжамды талдауды қалыптастыра алады, сондай-ақ қажетті құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ете алады.

Осылайша, Еуразиялық банк пен Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының цифрлық шешімі үлестік қатысушылар үшін ықтимал тәуекелдерді болдырмай, Қазақстандағы үлестік құрылыстың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.