ЖАО облигацияларын сатып алу
Жалпы ақпарат
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) 2016 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын (облигацияларын) сатып алу тетігі арқылы мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асырып келеді.
Бұл құрал Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй құрылысының қаржыландырылуын қамтамасыз етудегі негізгі тетіктердің бірі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар арендалық тұрғын үйді сатып алуға, әлеуметтік несиеге берілетін тұрғын үйді салуға және/немесе сатып алуға, инженерлік инфрақұрылымды тартуға қаражат алу мақсатында облигациялар шығарады. ҚТК осы облигацияларды сатып алып, өңірлерге тұрғын үй жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын ұсынады.
2025 жылдан бастап ҚТК жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын (облигацияларын) сатып алу есебінен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кірісті.
Аталған бағыт аясында жергілікті атқарушы органдар табиғи монополиялардың мемлекеттік субъектілерін (ТМ) қаржыландыруға қаражат тарту мақсатында облигациялар шығарады. ҚТК бұл облигацияларды сатып алып, өңірлерге энергетикалық және коммуналдық сектор нысандарын салу және/немесе жаңғырту үшін қажетті қаржы ресурстарын ұсынады.
KASE-дегі ЖАО облигациялары бойынша ақпарат
- Абай облысының әкімдігі
- Ақмола облысының әкімдігі
- Ақтөбе облысының әкімдігі
- Алматы облысының әкімдігі
- Атырау облысының әкімдігі
- Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігі
- Жамбыл облысының әкімдігі
- Жетісу облысының әкімдігі
- Батыс-Қазақстан облысының әкімдігі
- Қарағанды облысының әкімдігі
- Қостанайоблысының әкімдігі
- Қызылорда облысының әкімдігі
- Маңғыстау облысының әкімдігі
- Павлодар облысының әкімдігі
- Солтүстік-Қазақстан облысының әкімдігі
- Түркістан облысының әкімдігі
- Ұлытау облысының әкімдігі
- Шымкент облысының әкімдігі
- Астана қаласының әкімдігі
- Алматы қаласының әкімдігі
