Инвесторлар үшін
Әлеуетті инвесторлардың назарына!
«1-қабатында коммерциялық нысан және көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы» Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас шағынауданы, 5/3. Аяқталмаған құрылыс» («Асыл Тас» ТК) объектісі бойынша кепілдік жағдайды реттеу шеңберінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін инвестор тарту бастамасын көтереді.
«ҚТК» АҚ жобаны іске асыру шарттарымен, нақтыланған талаптармен, сондай-ақ құрылысты аяқтау бойынша бірлескен қызметке қатысу мүмкіндіктерімен танысу үшін мүдделі инвесторларды шақырады.
Өтінімді ұсынар (жіберер) алдында әлеуетті инвесторларды жобалық құжаттамамен, қатысу шарттарымен және Компанияның қолданыстағы кепілдік жағдайларды реттеу рәсіміне сәйкес белгіленген талаптарымен мұқият танысып шығуға шақырамыз.
«ҚТК» АҚ жобаны тиімді іске асыруға және үлестік қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қарастыруға және сындарлы диалог жүргізуге дайын.
Мүдделі инвесторларды ынтымақтастыққа шақырамыз.
Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Кепілдік жағдайды реттеу жөніндегі қағидасы
