ҚР ұлттық басқарушы холдингтері мен олардың еншілес компанияларына қанша дивиденд төленді?

«Бәйтерек» ҰБХ және «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компанияларына шолу

Қазақстанда екі ұлттық басқарушы холдинг жұмыс істейді — «„Бәйтерек“ ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Finprom.kz редакциясы осы холдингтердің еншілес компаниялары өз акционерлеріне қанша дивиденд төлегенін анықтап көрді.

«Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдарының ішінде жалғыз акционер ретінде холдингке төленген дивиденд көлемінің өсімі бойынша көшбасшы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ, ҚТК: көрсеткіш бір жылда 8,6 есе өсіп, 2022 жылы 31,3 млрд теңгеге жетті (бір жыл бұрын 3,6 млрд теңге болған). Айта кетейік, 2022 жылы компанияның таза пайдасы да 8,6 есе артып, 44,7 млрд теңгеге жетті. Дивидендтерді төлеуден басқа, қалған пайда инвестициялық және операциялық қызметті қолдауға және ҚТК қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалады. Еске салайық, 2021 жылы «Бәйтерек» ҰБХ-ның үш еншілес ұйымын: «Бәйтерек девелопмент», «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» және «Қазақстан ипотекалық компаниясын» біріктіріп, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде құрылды.

Төленген дивиденд өсімі бойынша екінші орында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (2020 жылы таратылған «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы): мұнда төленген дивиденд көлемі 2,2 есе өсіп, 13,7 млрд теңгеге жетті.

Үздік үштікке баспанаға қатысты тағы бір қаржы институты — «„Отбасы банкі“ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Бір жылда 2 еседен астам өсіп, 67,2 млрд теңгеге жетті.

2022 жылы «Қазақстанның даму банкі» АҚ және «Bereke Bank» АҚ дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. «„KazakhExport“ экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның ашық дереккөздерде (KASE есептері мен жаңалықтарында, компанияның ресми сайтында) 2022 жылға деректері жоқ.

«Бәйтерек» холдингіне төленген дивиденд сомасына келетін болсақ, мұнда және кестеден көрініп тұрғандай, көш басында екі тұрғын үй ұйымы: Отбасы банкі және ҚТК.

«„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес компанияларына келетін болсақ, «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ төленген дивидендтің өсімі бойынша көш бастап тұр (бір жылда 58,5%), бірақ соманың өзі айтарлықтай аз — бар болғаны 3,2 млрд теңге.

Екінші орында «„ҚазМұнайГаз“ ұлттық компаниясы» АҚ дивиденді 1,5 есе өсім, 300 млрд теңгеге жетті (осы холдингтің еншілес компаниялары арасындағы ең көп көрсеткіш).

Тағы бір компания — «„Тау-Кен Самрук“ ҰТКК» АҚ көрсеткіші 0,2%, 89 млрд теңгеге дейін көбейді. Қалған компаниялардың төлеген дивиденді азайған немесе мұлде төленбеген.

Төрт компания дивидендті қысқартты («Самұрық-Энерго» АҚ, «„Қазатомөнеркәсіп“ ұлттық атом компаниясы» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ), ал біреуі қайта ұйымдастырудан және акционерлерін ауыстырудан өтті («QazaqGaz» ҰК» АҚ), 2022 жылы төленген дивиденд көлемі 27,1 млрд теңге болды.

«„Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Ашық дереккөздерде тағы төрт еншілес ұйым бойынша дерек табылмады: «QAZAQ AIR» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС.

Дереккөз: https://finprom.kz/ru/article/kakie-dividendy-vyplatili-nacionalnym-upravlyayushim-holdingam-rk-ih-dochernie-kompanii