Құрылыс салушыны қалай тексереді

Құрылыс салушының өз қызметін адал атқаратынын, тұрғын үй салуға және пәтер сатуға құқық беретін құжаттарының бар-жоғын қалай тексеретінін түсіндіреміз. Бұл міндетті шара, әйтпесе ақшадан қағылып, үйсіз қалуыңыз мүмкін.

Құрылыс салушыда қандай құжаттар болу керек

Адал жұмыс істейтін компания құжаттардың төрт пакетін ұсынады:

  • Заңды құжаттар.
  • Жер телімінің құжаты.
  • Нысан салуға берілген рұқсат.
  • Үлескер ақшасын тартуға берілген рұқсат.

Заңды құжаттар

Ең алдымен компанияның заңды статусын растайтын құжаттары болу керек. Менеджерлер барлық құжатты сұрағандарға бірден ұсынады, одан бөлек кеңседегі көрнекі жерге қояды.

Құрылыс салушының атауын, БСН-ін, заңды және негізгі мекенжайын жазып алыңыз. Кейін қажет болады.

Одан бөлек, құрылыс салушының қолында мыналар болуға тиіс:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтама;
  • нысан салуға лицензия.

Құжаттарға жай көз жүгірте салмай, бәрін толық тексерген абзал. Бұл қиын шаруа емес (компания туралы мәліметтер осы кезде керек болады).

Компанияның лицензиясы бар-жоғын www.elicense.kz порталынан қараңыз. Қызмет тегін, жауабын да тез аласыз.

Құрылыс салушы Қазақстанның заңды тұлғалары реестрінде тіркелгенін eGov.kz-тегі «Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы мәліметтерді ұсыну» қызметін таңдау арқылы білесіз. Бұл қызметті де тегін көрсетеді, жауабы 15 минутта дайын болады.

Компанияның беделіне қатысты ақпарат алу үшін оның ресми парақшасына кіріп, бұған дейін қандай нысандар салғанын анықтаңыз, клиенттерінің пікірін оқыңыз.

Құрылыс салушының атауын ҚР сот шешімдері базасынан іздеп көріңіз.

Жер телімінің құжаттары

Тұрғын үй кешенінің іргетасы қаланып жатқан жердің құжаттары болғаны аса маңызды.

Мемлекеттік актіде жеке меншік не пайдалану құқығы туралы жазылады, ал нысаналы мақсаты көп қабатты ғимарат (көп функциялы тұрғын үй кешенін) салу деп тұрады.

Егер кешен нысаналы мақсаты сәйкес келмейтін жерде бой көтерсе немесе компанияның оны пайдалануға құқығы болмаса, нысан сот шешімімен заңсыз деп танылып, сүрілуі мүмкін.

Кешеннің құжаттары

Тұрғын үй кешенінің жобасынан бөлек Қала құрылысын бақылау басқармасы берген рұқсат құжаттар болу керек, олар:

  • СЖТ (сәулет-жобалау тапсырмасы);
  • эскиз жобасына алған келісім;
  • құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаны туралы хабарлама.

Заң аясында қызмет атқаратын компания құрылыс жұмысын жоба бойынша жүргізеді. Егер қандай да бір ауытқу барын байқасаңыз, пәтер алудан мүлде бас тартыңыз. Мәселен, артық қабат қосқаны анықталса, сәулет органдары сотқа арызданып, сүріп тастауды талап етуге құқылы.

Құрылыс салушының құжаты түгел екеніне көз жеткізу үшін нысан салынып жатқан жердегі сәулет басқармасына жүгініңіз.

Мегаполистерде толық мәлімет беретін шұғыл желі жұмыс істейді:
Алматы: +7 705 89 66 000 (WhatsApp) немесе +7 (727) 229-81-36.
Астана: +7 (7172) 55-04-28, +7 (7172) 55-67-03.

Сатуға рұқсат беретін құжаттар

Жоғарыда аталған құжаттардан кемшілік таппасаңыз, келісімшарт жасау кезеңіне өтеміз. Салынып жатқан кешеннен пәтер аларда тек тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімшарт жасалатынын есте сақтаңыз.

Егер құрылыс салушы брондау, инвестиция құю не цессия келісімшарты сияқты басқа құжат ұсынса, ақша жоғалту қаупі артады. Өйткені мемлекет мұндай келісімге кепіл болмайды.

Құрылыс салушы мына шарттардың бірін орындаса ғана үлестік қатысу келісімшартын жасай алады:
• «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алса;
• екінші деңгейлі банк жобасына қатысса;
• тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызса (жоба-смета құжаты бойынша жалпы жұмыстың кем дегенде 80 %-ы)

Құрылыс салушы туралы мәлімет алып, оның үлескер тартуға құқығы бар-жоғын тұрғын үй порталының сайтынан біле аласыз.

Үлестік қатысу келісімшартын жасағанда оны міндетті түрде сәулет және қала құрылысы басқармасында тіркеу қажет. Мұны құрылыс салушы істейді, ал үлескерге есепке тұрғанын растайтын үзінді көшірме береді. Келісімшарт тіркелген соң күшіне енеді.

Жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтер іздесеңіз, Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар» бөлімінен таба аласыз.

Дереккөз: https://krisha.kz/content/articles/2023/qurylys-salushyny-qalay-tekseredi