«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамында Наурызды мерекелеу аясында қазақ тілінде ән айту конкурсы өтті.
Үлкен конференц-залының сахнасында белсенді, өнерпаз әріптестер достық, махаббат, табиғат жайлы әндер шырқап, өнерлерін көпшілікке паш етті.
Сонымен қатар, қазақ тілінде әндердің шығу тарихы да айтылды. Өнерпаздардың ән орындау тәсіліне, мазмұны мен бейнелерін түсінуіне қарай әділқазылар алқасы әділ баға беріп, байқау жеңімпаздарын анықтады. 1-ші орынға Тұрғын үй бағдарламалары департаментінің ұжымы «Жан досым» әнімен ие болды, 2-ші орынды «Куә бол» әнің орындаған Төлемдерді өндеу департаментінің қызметкері Хамидуллин Мирас иеленді, 3-ші орынды «Наурыз» әнімен Әкімшілік ету департаментінің жігіттері Ералин Асхат пен Ками Алибек жеңіп алды. Байқау жиналған қауымның Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнің орындауымен аяқталды.