Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да «Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Барлық ұжымдағы қызметкерлер Сайрам, Сығанақ, Отырар, Түркістан қалалары болып, өз өнерлерін ортаға салды. Осы күні театрлан¬ды¬рыл¬ған көріністер, ұлттық спорт түр¬лері, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар паш етілді. Атап айтқанда, «Құда түсу», «Сырға салу», «Беташар», «Тұсау кесер» дәстүрлері көрсетіліп, Науырз мейрамы жайлы толық баяндалды.
Ұлттық мерекені тойлауға келген барша қызметкерлер наурыз көже мен бауырсақтан және өзге де ұлттық тағамдардан тұратын қазақтың ұлттық дәмдерінен дайындалған ақ дастархан жайды.
Компанияның Басқарма Төрағасының м.а. Алтай Күздібаев барша қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтап, елімізге бақ-береке тіледі.
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді. Күн мен түн теңелген, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Бүгінде Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналып отыр. Бұл мереке халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі саналады.