10 қазанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспанов бастаған қазақстандық делегация Еуропалық инвестициялық банктің жаһандық әріптестері департаментінің мемлекеттік сектордағы Азия-Тынық мұхиты операциялары бөлімінің басшысы Эдвард Бумшиянаспен жұмыс кездесуіне қатысты.
Кездесуде бюджеттік секторды жаңғыртуды қаржыландыру, энергиялық тиімді тұрғын үйлер салу перспективалары талқыланды.
Делегация құрамына мемлекеттік құрылымдардың лауазымды тұлғалары, Бәйтерек холдингінің, Қазақстандық тұрғын үй компаниясының, Қазақстандық ТКШ орталығының, электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының өкілдері кірді.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар осы жобаларды одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.
Бүгінгі таңда ғимараттар секторы бойынша энергия тиімділігі саясатын жетілдіруге бағытталған гранттық қаражатқа арналған «Felicity II Шығыс серіктестігі және Орталық Азия бағдарламасы» GIZ жобасы іске асырылуда.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2029 жылға қарай энергия сыйымдылығын 15% – ға төмендету міндетін қойды.