Орал қаласындағы «ALEM Group KAZAKHSTAN» ЖШС және «ATM Group Kazakhstan» ЖШС уәкілетті компаниясы «Достық» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алды.
Ашықтық қағидаттарын сақтау үшін құжаттарды қабылдау және өтінімді қарау «Digital Baiterek» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылды.
Толық ақпарат алу үшін құрылыс салушылар өтінімді бірыңғай оператордың ресми сайтында немесе Digital Baiterek порталында «Консультация қажет» терезесінде қалдыра алады.
Жаңартылған тізім және құжаттардың жаңа үлгілері мына сілтеме бойынша орналастырылған.