Қонаев қаласының құрылыс салушыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қонаев қаласы әкімдігінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (жалғыз акционері «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ) Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов Қонаев қаласының құрылыс салушыларымен кездесті.

Кездесуге қатысушыларға ҚТК тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау, ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салуды/сатып алуды қаржыландыру тетіктері (ЖАО МБҚ сатып алу тетігі), жеке құрылыс салушылардан жалға берілетін тұрғын үй сатып алу (кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығымен) таныстырылды.

Алматы облысы бойынша ЖАО МБҚ сатып алу есебінен жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 165,6 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы қаржыландырылды, бұл 2,7 мыңнан астам кезекте тұрғандарды белгіленген бағамен әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, үлестік құрылысқа кепілдік беру тетігі шеңберінде Қонаев қаласында «KazSMU» ЖШС құрылыс салушының үш жобасы сәтті іске асырылды, сондай-ақ бірыңғай оператордың кепілдігі бар қолданыстағы салынып жатқан объект бар.

Олжас Салықов бірыңғай оператордың кепілдігін алуға қойылатын талаптар туралы, ҚТК кепілдігін беру кезінде шарттардың барлық түрлерін жасасу рәсімі, заңнамада көзделген субсидиялауға өтінім беру рәсімі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Қазіргі уақытта үлестік құрылыстың «сұр» нарығының үлесін төмендету мақсатында бірыңғай оператордың кепілдігін алу үшін рәсімдерді жеңілдету және кедергілерді азайту бойынша бірқатар өзгерістер әзірленді», — деп толықтырды спикер.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй порталында homeportal.kz  Қазақстанда салынып жатқан нысандар туралы ҚТК кепілдігі және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар барлық ақпарат орналастырылған.

 «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz