Елімізде заңсыз пәтер саудалап жүрген 254 тұрғын үй бар. Бұл мәлімет «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» порталында жарияланған.
Салымшы тартуға кепілдігі немесе рұқсаты жоқ нысандар Астанада көп, бас қалада 172 тұрғын үй заңсыз бой көтерген.
Алматыда мұндай тұрғын үйдің саны — 31. Тізімді осы жерден көре аласыз.
Үшінші орын Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына тиесілі (15 тұрғын үй кешені).
Қалған тұрғын үйлерді кему ретімен тізіп шығайық:
— Атырау облысында — 8;
— Ақтөбе облысында — 5;
— Шымкент — 5;
— Ақмола облысында — 1;
— Қостанай облысында — 1.
Компанияның үлескер тартуға рұқсаты жоқ. Бұл тұрғын үй кешені құрылысы аяқсыз қалса, пәтерді екі клиентке сатқан жағдай анықталса немесе үйді заңсыз тұрғызған деп бұзса, мемлекет ақшаны қайтарып бере ме, жоқ па, белгісіз дегенді білдіреді.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім ғана заңды құжат екенін естен шығармаған жөн.
Брондау, инвестициялау келісімшарты немесе цессия келісімшарты сияқты құжаттар компания салған соманы қайтаратынына кепілдік бермейді.
Құрылыс салушы мына жағдайлардың бірін орындаса ғана үлескер тарта алады:
• «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-нан кепілдік алса;
• екінші деңгейлі банк жобасына қатысса;
• тұрғын үйдің негізін көтерсе (жоба-сметалық құжат бойынша жалпы жұмыстың 80 %-тен кем емес бөлігі біткен болу керек).
Құрылыс салушы туралы мәліметті және құжаттарын тексеру үшін тұрғын үй порталына жүгіне аласыз.
Дереккөз: https://krisha.kz/content/news/2023/pater-satyp-aluga-usynylmaytyn-turgyn-uy-nbsp-keshenderi