Рудный тұрғындары Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының қолдауымен әлеуметтік тұрғын үй алды

Рудныйда несиелік тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің және «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) қатысуымен өтті.

Жаңа нысан аясында 45 пәтер пайдалануға берілді. Облигацияларды сатып алу тетігі арқылы облыста барлығы 5,7 мыңға жуық кредиттік тұрғын үй салынды. 2024 жылы алғаш рет жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып, ол кезекте тұрған азаматтарды 721 пәтермен қамтамасыз ететін болады.

ҚТК Басқарма Төрағасы Алтай Куздибаев компанияның өңірдегі әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін одан әрі арттыру үшін жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қостанай облысында ҚТК үлестік құрылысқа кепілдік беру құралының көмегімен тұрғын үй нарығын дамытып жатқанын сөзге тиек етті. Мәселен, 2022 жылдан бастап Қостанай қаласында 908 пәтердің құрылысын аяқтауға 6 кепілдік берілген.

Анықтама:
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ – миссиясы Қазақстан халқын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz