«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс салушыларына тұрғын үй құрылысын қолдау құралдарын таныстырды.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚТК) Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев ҚТК 2016 жылдан бастап үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында жалпы сомасы 1 159 млрд теңгеге құрылысты аяқтауға 243 кепілдік бергенін, жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетігі шеңберінде 2021 жылдан бастап жалпы сомасы 31,2 млрд теңгеге кредиттерді субсидиялау шарттары жасалғанын айтып өтті. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚТК құралдары есебінен 13,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кездесуде өзекті проблема – елдегі үлестік құрылыстың «көлеңкелі» нарығы да талқыланды. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында ҚТК кепілдігі не ЖАО рұқсаты негізінде үлескерлердің қаражаты заңды түрде тартылған жобалар жоқ.
Құрылыс салушылар Бірыңғай оператордың кепілдігін алу, кредиттерін субсидиялау мәселелері бойынша ҚТК-ге жүгіне алады, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұрғандарға сатып алу құқығымен жалға беру мақсатында белгіленген бағамен тұрғын үй ұсына алады.
Кешенді ірі қала құрылысы жобаларын іске асыратын өңірдің құрылыс салушылары, жобалары стандарттарға сәйкес келген кезде, Компанияға жобаны қаржыландыруға өтінім бере алады.
Бүгінгі таңда ҚТК-да өтінімдерді қабылдау процестері автоматтандырылған. Кепілдік алу, субсидиялау және қаржыландыру мәселелері бойынша ҚТК-ге Тұрғын үй порталы арқылы жүгінуге болады.
Кепілдік беру тетігі шеңберінде құрылыс салушылардың жоба бойынша құжаттарының толықтығын тексеру – модерация 5 жұмыс күнінде аяқталады. Модерация қызметі тегін.
ҚТК өз құралдары мен өнімдерінің ерекшелігін таныстыру, тиімді өзара әрекеттесу мақсатында ЖАО және жеке құрылыс салушылармен тұрақты негізде көшпелі кездесулер өткізіп тұрады.
Анықтама:
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ – миссиясы Қазақстан халқын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылатын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz