«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» (бұдан әрі – Компания) – тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы («Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ) сала өкілдерімен кездесу өткізді. Компанияның Заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Әйгерім Құрманбаева өз презентациясында құрылыс салушыларға үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау механизмдерін егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ кепілдік алу талаптарымен және өтінім беру рәсімдерімен таныстырды.
ҚТК кепілдігінің өзі құрылыс салушыға бірқатар артықшылықтар береді. Атап айтқанда, ол үлескерлердің қаражатын 100% қорғауды және сақтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Компания «қауіпсіздік қорғаушысы» ретінде әрекет етеді, сондықтан дефолт болған жағдайда құрылыс «ҚТК» АҚ қаражаты есебінен аяқталады.
ҚТК өкілдері ЕДБ-ның жобаға қатысуы арқылы, сондай-ақ үйдің қалыбы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту талаптарына да жеке тоқталды.
Құрылыс салушылармен кездесулер жыл бойы, оның ішінде өңірлерге жасалатын сапарлармен жалғасатын болады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2394
pr@khc.kz, www.khc.kz