Тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялармен кездесу өтті

Бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ алаңында Қазақстанның құрылыс салушылар Ассоциациясымен бірлесіп, тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компания өкілдерімен кездесу өтті.

Талқылаудың басты тақырыбы конкурстық негізде онлайн жүзеге асырылатын инжинирингтік компанияларды іріктеу процесі болды. Қатысушылар құжаттарды дайындау кезіндегі типтік қателерді және оларды жою мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ, инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігін сақтандыру мәселелері (ақаулар, жобалардағы келісімсіз өзгерістер, қауіпсіздік техникасын сақтау және басқалар) талқыланды.
Қазіргі таңда қарқынды түрде өсіп келе жатқан нарықта инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігін күшейту, есеп беру, сайттағы сарапшылар санын сақтау, құрылыстағы бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлау басымдыққа ие.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын сақтай отырып, үлескерлердің құқықтарын қорғауға, нарықта тең құқылы және бәсекелестік жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыратын болады», – деп атап өтті кездесу соңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев.