Тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша 22,5 млрд. теңге сомаға екінші деңгейдегі банктерде құрылыс салушылардың 31 кредиті субсидияланады. Жобалардың жалпы құны 77,9 млрд. теңгені құрайды.
Нұрбанк АҚ, Зираат Интернешнл Банкі – Қазақстан ЕБ АҚ және Абай облысындағы, Маңғыстау облысындағы және БҚО-дағы Банк ЦентрКредит АҚ-тан жалпы сомасы 490 млн. теңгеге қарыздар бойынша субсидиялауға үш өтінім бойынша тиісінше шарттарға қол қою жүзеге асырылады.