Тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша 23,3 млрд. теңге сомаға екінші деңгейдегі банктерде құрылыс салушылардың 32 кредиті субсидияланады. Жобалардың жалпы құны 78,7 млрд. теңгені құрайды.
Нұрбанк АҚ, Зираат Интернешнл Банкі – Қазақстан ЕБ АҚ және Абай облысындағы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облысындағы және БҚО-дағы Банк ЦентрКредит АҚ-тан жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге қарыздар бойынша субсидиялауға алты өтінім бойынша тиісінше шарттарға қол қою жүзеге асырылады.