Пайшылардың келісім-шарттарын мемлекеттік тіркеу енді толығымен цифрландырылды. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне қатысу шарттарын есепке алу орталықтандырылған түрде Қазреестрде жүзеге асырылатын болады.
2025 жылдан бастап барлық тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҚК) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларында бекітілген өзгерістерге сәйкес қатысу шарттарын «Қазреестр» (qazreestr.kz) ақпараттық жүйесі арқылы тіркеуі қажет. Бұл 2024 жылы Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы жүргізген ауқымды цифрландырудың арқасында мүмкін болды.
Бұған дейін ТҚК пайшылармен қағаз жүзінде шарттар жасасып, оларды тіркеу үшін әкімдіктерге ұсынатын. Енді барлық процедура онлайн форматына ауыстырылды, бұл процесті едәуір жеңілдетіп, ашықтықты арттырып және келісімшарттарды бұрмалау қаупін азайта түседі.
Бұл қалай жұмыс істейді?
- ТҚК-ны Қазреестрде тіркеу – ұйым туралы мәліметтерді беру, құжаттарды жүктеу және ЭЦҚ-мен тіркеуді растау.
- Құрылыс нысаның құру – жеке кабинетте ТҚК құрылыс нысаның құрады: объектінің орналасқан жерін және құрылысты жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттамасын растау, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың нақты санын, сондай-ақ объектінің техникалық сипаттамаларын көрсету қажет. Нысан бойынша қалыптастырылған деректер әкімдіктердің модерациялау рәсімінен өтеді.
- ТҚК – ға қатысудың электрондық шарттарын жасасу – пайшылар Egov Mobile/Business-те ЭЦҚ немесе QR-кодты пайдалана отырып, Қазреестр арқылы ТҚК-мен онлайн шарттар жасай алады.
- Электрондық шарт автоматты түрде тексеру рәсімінен өтеді, соның салдарынан электрондық шартты тіркеудің ең ұзақ мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Бұл ретте, жүйе ТҚК-ға қағаз жүзінде де жасалған шартты тіркеуге жіберуге мүмкіндік береді, алайда мұндай шартты тіркеу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылады. Тіркеуден кейін пайшы автоматты түрде өзінің электрондық поштасына электрондық шартты және шарттың мемлекеттік тіркеу туралы үзінді көшірмесін алады.
Бұл не береді?
Тіркеу мерзімдерін қысқарту – электрондық шарттар 1 жұмыс күні ішінде тіркеледі.
- Ашықтық және алаяқтықтан қорғау – шарттарды бұрмалау қаупі алынып тасталады.
- Қағаз құжат айналымын азайту – процеске қатысушылар арасында қажетсіз құжат айналымы алынып тасталады.
Қазрестр акционерлердің құқықтарын қорғауға және тұрғын үй құрылысы нарығын қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге көмектесетін ТҚК-ға қатысу шарттарын бақылау мен есепке алудың бірыңғай құралына айналады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz