Хабарландыру

2023 жылғы 30 мамырдан бастап «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру тетігін іске қосады.
Кешенді құрылыс жобасы дамыған инфрақұрылымы бар көпфункционалды тұрғын аудандардың құрылысын көздейді және міндетті түрде кешенді құрылыс стандарттарына (кемінде 50 мың шаршы метр тұрғын үй салу, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен саябақ аймақтарының құрылысы) сәйкес келуі тиіс.

Қаржыландыру ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету шарттарында, сондай-ақ мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) жер телімінің болуы (меншік немесе жалға алу құқығында);
2) іске асырылған құрылыс объектілері тәжірибесінің болуы:
– кем дегенде 3 жыл;
– Астана, Алматы, Шымкент қалаларында құрылыс кезінде кемінде 18 мың шаршы метр;
– өзге өңірлерде құрылыс кезінде кемінде 9 мың шаршы метр;
3) қарыз алушының жобаға жеке қатысуы (ақшалай қаражат немесе аяқталмаған құрылыс)
– егер жер телімі жеке меншікте болса, 10%;
– егер жер телімі жалға берілсе, 15%;
4) құрылыс салушының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері;
5) қарыз алушының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжатында айқындалған бағалар бойынша Компания тұрғын үйінің бір бөлігін сату бойынша қарсы міндеттемені қабылдауы.

Қаржыландыру тетігімен, жобаларға қойылатын талаптармен және стандарттармен компанияның сайтында «Құрылыс салушылар – кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру» бөлімінде танысуға болады (сілтеме).
Өтінімдерді беру Компанияның сайтында электрондық форматта жүзеге асырылады (сілтеме).
Бұл ретте, Компания кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру кезінде қорландыру көлемінде шектеулерге ие.