Шымкент қаласының құрылыс салушысы «Otbasy» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

«Kanfar Building» ЖШС және «Otbasy Satu» ЖШС уәкілетті компаниясы Шымкент қаласындағы III кезектегі «Otbasy» ТК үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның кепілдігін алды.
«Otbasy» тұрғын үй кешені Шымкент қаласының солтүстік-батысында «Абай» ауданы, Қ.Төлеметов көшесі,№11/3 уч. мекенжайында орналасқан. Көпқабатты тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінің төменгі қабаттарында коммерциялық үй-жайлар мен автотұрақтар бар.
Ғимараттарда инженерлік жабдықтардың мынадай түрлері көзделген: пәтерлердің ас бөлмелерінде орналасқан газ қазандықтарынан автономды жылыту, ыстық сумен жабдықтау, су құбыры, кәріз, электр жарықтандыру, телефондандыру.
Кешенде 36-дан 85 м2-ге дейінгі 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар.
Жобаны «Kanfar Building» ЖШС іске асырады — компания 2006 жылы құрылған, тұрғын үй және коммерциялық нысандар құрылысының жобаларын іске асырады.