«Pioneer Invest» ЖШС және «Pioneer City» ЖШС уәкілетті компаниясы Шымкент қаласындағы «Pioneer City» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (КТК) үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алды.
«Pioneer City» тұрғын үй кешені Қ. Төлеметов көшесі №20В мекенжайында орналасқан.
Нысан 8 блок-секциядан тұратын үш жеке үйден тұрады.
Жобада пәтерлер мен 7 коммерциялық үй-жайларды сату қарастырылған.
Пәтерлердің жалпы саны — 314, оның ішінде:
— 1 бөлмелі – 101,
— 2 бөлмелі – 108,
— 3 бөлмелі – 100,
— 4 бөлмелі – 5.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы – IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі 2,85 м.
Пәтерлер алдын ала әрленген күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Pioneer Invest» ЖШС іске асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
