EGov Mobile мобильді қосымшасында сервис іске қосылды, оның көмегімен қазақстандықтар салынып жатқан үлестік құрылыс объектілерінің заңдылығын тексере алады. Сервис пайдаланушыны «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіне бағыттайды, онда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының кепілдігі немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты бар барлық заңды түрде салынып жатқан үлестік құрылыс объектілері туралы толық ақпарат ұсынылады.
Нысандар туралы ақпарат алу үшін пайдаланушыға 3 қарапайым қадамды орындау қажет:
1-қадам. EGOV mobile қосымшасына кіріп, «Басты» бөліміне өтіп, «Басқа қызметтер» батырмасын басыңыз.
2-қадам. Қызметтер тізімінен «Тұрғын үй порталын» тауып, тиісті бетке өту үшін батырманы басыңыз.
3-қадам. Тұрғын үй порталында объектіні іздеу үшін пайдаланушыға БСН, құрылыс салушының немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізу қажет.
Жаңа қызмет «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ынтымақтастығымен іске асырылды.