«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері – Бірыңғай оператор, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы (бұдан әрі – Компания) Тараз қаласы әкімдігімен бірлесе отырып тұрғын үй құрылысын қолдау құралдарымен, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктерімен танысу мақсатында өңірдің құрылыс салушыларымен кездесті.
ҚТК Басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков Жамбыл облысы-Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін перспективалы өңір екенін атап өтті. Егер бұрын жеке тұрғын үй құрылысы басты назарда болса, қазір жаңа компаниялар пайда болып, жеке инвестициялар есебінен жобалар іске асырылуда.
Кездесуде өзекті проблема – елдегі үлестік құрылыстың «көлеңкелі» нарығы да талқыланды. Бүгінгі күні Жамбыл облысында ҚТК кепілдігі не ЖАО рұқсаты негізінде үлескерлердің қаражаты заңды түрде тартылған жобалар жоқ.
Құрылыс салушылар Бірыңғай оператордың кепілдігін алу, кредиттерін субсидиялау мәселелері бойынша ҚТК-ге жүгіне алады, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұрғандарға сатып алу құқығымен жалға беру мақсатында белгіленген бағамен тұрғын үй ұсына алады.
Кешенді ірі қала құрылысы жобаларын іске асыратын өңірдің құрылыс салушылары, жобалары стандарттарға сәйкес келген кезде, Компанияға жобаны қаржыландыруға өтінім бере алады.
Бүгінгі таңда ҚТК-да өтінімдерді қабылдау процестері автоматтандырылған. Кепілдік алу, субсидиялау және қаржыландыру мәселелері бойынша ҚТК-ге Тұрғын үй порталы арқылы жүгінуге болады.
Атап өту керек, ҚТК 2016 жылдан бастап үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында жалпы сомасы 1 167 млрд теңгеге құрылысты аяқтауға 244 кепілдік бергенін, жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетігі шеңберінде 2021 жылдан бастап жалпы сомасы 31,3 млрд теңгеге кредиттерді субсидиялау шарттары жасалғанын айтып өтті. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚТК құралдары есебінен 14,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz