Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Атырау қаласындағы «ELORDA RESIDENCE» ТК үлескерлер алдындағы міндеттемелерді толық көлемде орындады

29 қыркүйек күні Нұрсая шағын ауданындағы «ELORDA RESIDENCE» тұрғын үй кешенінің алаңында үлескерлер қоныс тойын атап өтті.
Осыған дейін хабарлағандай, 2023 жылғы 20 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «ELORDA RESIDENCE» объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы жариялады. Үлескерлердің мүддесі және жалпы өңірдің дамуы үшін Компания тұрғын үй кешенінің құрылыс сапасына ерекше көңіл бөле отырып, нысан құрылысын қайта бастау шараларына белсенді түрде кіріскен болатын.
Ағымдағы жылдың көктемінде облыста болған су тасқыны жағдайына қарамастан, аталған нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық көлемде аяқталып, Компания Тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы ретінде заңнамада белгіленген мерзімде өз міндеттерін орындады.
Ағымдағы жылдың маусым-тамыз айлары аралығында «ELORDA RESIDENCE» тұрғын үй кешенінің барлық үлескерлеріне кілттер табыс етілді. Бастапқыда айтылған барлық техникалық параметрлер, соның ішінде «бизнес» класы сақталған. Бұл жоба бойынша 150 пәтер берілді, 120 үлескер баспанамен қамтамасыз етілді.
Жалпы, 2016 жылдан бері Компания жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болатын құрылысты аяқтауға 240-тан астам кепілдік берді. Бұл дегеніміз ел бойынша 67 мың үлескердің салымдарын қорғауға мүмкіндік берді.
 «Біз өткен жылы пәтерлерімізге қоныстануымыз керек еді. Бірақ құрылыс салушы қаржылық қиындықтарға тап болғандықтан, құрылыс тоқтап қалды. ҚТК кепілдігінің арқасында нысан бір жыл ішінде тез аяқталды. Меншік иелеріне кілттер ағымдағы жылдың маусым айында берілді, қыркүйекке қарай абаттандыру, үй маңындағы аумақты көгалдандыру аяқталды, балалар алаңдары салынды», – деді «ELORDA RESIDENCE» тұрғын үй кешенінің үлескері, Ринат Қалмұханов.

Анықтама: 2021 жылдың 26 қарашасында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Атырау Ж.Б.И.-2005» ЖШС, «MBS Capital» ЖШС арасында «Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданындағы 9 қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы» нысанына кепілдік беру туралы келісімге қол қойылды. Шартқа сәйкес, Нысанды пайдалануға беру мерзімі -2022 жылдың 1 қыркүйегі болатын.
Құрылыс салушының өтініштері негізінде 2022 жылғы 1 қыркүйек пен 2023 жылғы 1 маусым аралығында Бірыңғай оператор құрылыс мерзімдерін ұзартуды үш рет мақұлдады. Қабылданған шараларға қарамастан, объектінің құрылыс барысының мониторингі пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық көлемде аяқтау мерзімдері бойынша елеулі артта қалушылықты анықтады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңның нормаларына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімі бұзылған жағдайда бірыңғай оператор жобаны кепілдік деп тану туралы шешім қабылдайды.
2023 жылғы 20 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Атырау қаласындағы «ELORDA RESIDENCE» объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы жариялады және объектінің құрылысын қайта бастау және тезірек аяқтау жөніндегі іс-шараларға белсенді кірісті.
Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алмас бұрын азаматтар жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттарының (менікі) немесе ҚТК кепілдіктерінің бар-жоғын тексеруі қажет https://homeportal.kz/shared-construction-objects.

Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі. 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz