«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы) Екінші деңгейдегі банктер халыққа квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Бұған дейін республикалық бюджет тарапынан қаржыландырудың болмауы себебінен субсидиялау уақытша тоқтатылған болатын.
Республикалық бюджеттен қаражаттың түсуіне байланысты таяу уақытта қарыз алушылар бұрын өз бетінше төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі өтелетін болады.
Қосымша ақпарат алу үшін қарыз алушыларға Екінші деңгейдегі қызмет көрсететін банкке жүгіну ұсынылады.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі 2550, 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz
