2022 жылдың 8 шілдесінде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ «Мемқұрылыссараптама» өкілдерімен, сондай-ақ Беларусь Республикасының «Тұрғын үй институты – С.С.Атаев атындағы ҚҒЗЖТИ» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында беларусьтік әріптестерге компания қызметінің негізгі бағыттары ұсынылды:
- тұрғын үймен қамтамасыз етуді қолдау тетіктері: тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру, жеке құрылысшылардың несиелерін субсидиялау, жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
- тұрғын үйге сұранысты қолдау тетіктері: ипотекалық несиелер бойынша талаптарды сатып алу, «Орда» бағдарламасы бойынша агент банктер арқылы ипотекалық несиелер беру, сатып алу арқылы жалға берілетін тұрғын үйді беру.
Сонымен қатар, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ әзірленген ақпараттық жүйелері таныстырылды: «Нұрлы жер» ахуалдық орталығы, Құрылыс материалдарының онлайн сайты (material.kz), Тұрғын үй порталы (test.homeportal.kz).
Сонымен қатар кездесу барысында тұрғын үй құрылысын қолдау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.