Тұрақты құрылыс – Қазақстанның құрылыс саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Жаһандық климаттық сын-қатерлер, халық санының өсуі және қоршаған ортаға жүктеменің артуы көптеген компанияларды өз қызметінің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік аспектілеріне назар аударуға итермелейді.
Бұл мәселелер Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртек бейтараптылығына қолжеткізудегі өршіл мақсаттары аясында ерекше өзекті болып отыр. Бұл процесте жаһандық CO₂ шығарындыларының 20%-дан астамы тиесілі құрылыс секторы маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде құрылыс компанияларының ESG-күн тәртібіне қатысу деңгейіне сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 33 компания қатысты.
Сауалнама нәтижелері:
- ESG принциптерін жалпы ұстану:
Компаниялар «жасыл» сертификаттарды алу, инклюзивті орта құру және міндетті есептілікті енгізу сияқты тұрақты даму құралдарын белсенді пайдаланады. Алайда, жақсарту мүмкіндігі бар.
- Тұрақты даму қағидаттарын білу:
Қатысушылардың52%-ы тұрақтыдамупринциптеріменолардың өз қызметтеріне маңызды екенінен хабардар.
Респонденттердің36%-ы ESGкүн тәртібімен танысемес,бұлхабардарлықтыарттыруқажеттілігінкөрсетеді.
Қатысушылардың 12%-ы жауап беруден бас тартты, бұл принциптерді түсінбеуді көрсетуі мүмкін.
- Экологиялық практиканы қолдану:
Экологиялық мәселелер бойынша оң жауаптардың орташа көрсеткіші 45%-ды құрады. Бұл экологиялық практикаларды белсенді енгізу қажеттілігін көрсетеді:
– экологиялық таза материалдарды пайдалану,
– көміртек ізін азайту,
– энергия тиімді технологияларды қолдану,
– «жасыл» құрылысты қолдау.
- Әлеуметтік жауапкершілік:
Респонденттердің 77% – ы әлеуметтік бастамаларға қатысады, соның ішінде:
– инклюзивті орта құру,
– қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету,
– жұмысшылардың құқықтарын сақтау.
Әлеуметтік жауапкершілік ESG күн тәртібіндегі құрылыс салушылардың күшті жағы болып табылады.
- Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау:
Қатысушылардың 60% -дан астамы ашықтық, есептілік және тиімді басқару қағидаттарын енгізуге дайын. Бұл тұрақты даму үшін корпоративтік этика мен басқару стандарттары маңыздылығын түсінудің жоғары деңгейін көрсетеді.
Сауалнама нәтижесі әлеуметтік жауапкершілік пен корпоративтік басқару саласындағы оң динамиканы көрсетеді. Сонымен қатар, экология саласын жақсартуға айтарлықтай мүмкіндіктер бар, мұнда құрылыс салушылар экологиялық практикаларды белсенді түрде енгізу қажет.
Сауалнама нәтижесімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.