«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері Ақтөбе облысының құрылыс салушыларымен кездесті

Бүгін Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдерінің өңір құрылысшыларымен кездесуі өтті.

Іс-шара «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері туралы хабардар ету, сондай-ақ кепілдік беруге өтінім беру кезінде үлгілік қателерді жою жөніндегі ұсынымдарды қарау және тұрғын үй құрылысын ынталандырудың қосымша шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

2023 жылғы 21 қаңтардан бастап бірыңғай оператордың кепілдігін алу үшін құрылыс салушылар ұсынатын құжаттар тізбесін қысқарту бөлігінде «Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №432 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

«Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында біз бұйрыққа өзгерістер енгізіп, құжаттарды 2 есеге қысқарттық! Бұрын 43 құжат болған! Қазір ҚТК кепілдігін алуға өтінімдерді қабылдауды тек онлайн режимінде, портал арқылы жүргіземіз, бұл рәсімді едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ өтінімді қарау мерзімін жеделдетеді. Жеке кабинет арқылы құрылыс салушылар кез келген уақытта өз өтінімдерінің статусын бақылай алады – барлық жерде «цифрлық із» қалады.

Қазір үлескерлерді тартудың үш заңды әдісін алу үшін құрылыс салушыларға қойылатын заңнамалық «кіріс» талаптарды төмендету бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, сонымен бірге, біз заңды бұзатын және инвестициялау, брондау, алдын ала сатып алу-сату шарттары арқылы үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастыратын компанияларға жауапкершілікті арттыруға ниеттіміз», – деп атап өтті кездесуде «ҚТК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов.

Толық ақпарат алу үшін құрылыс салушылар өтінімді бірыңғай оператордың ресми сайтында немесе Digital Baiterek порталында «Консультация қажет» терезесінде қалдыра алады.
Құжаттардың жаңартылған тізбесі мен жаңа үлгілері бірыңғай оператордың ресми сайтында және Digital Baiterek порталында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://digital.baiterek.gov.kz/services/guranteeing001.