Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері Алматы қаласының құрылыс салушыларымен кездесті

Бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚТК) өкілдері жоспарланған Road-show аясында Алматы қаласының құрылыс салушыларымен кездесті.

Кездесуге қатысушыларға «Үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау тетіктері» презентациясы ұсынылды, онда Бірыңғай оператордың кепілдігін алу талаптары, кепілдік беру кезінде шарттың барлық түрлерін жасау рәсімі, заңнамада көзделген субсидиялауға өтінім беру рәсімі туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Сондай-ақ, кездесуде қаладағы жосықсыз құрылыс салушылар мен проблемалық нысандар бойынша мәселелер көтерілді. Бүгінгі таңда Алматы қаласында «ҚТК» АҚ кепілдігімен салынып жатқан 11 нысан бар. Бірақ, рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан нысандар саны, өкінішке қарай, азаймайды.

Алматы қаласында қазіргі уақытта https://homeportal.kz/shared-construction-objects мәліметі бойынша 80 тұрғын үй кешені салынуда, олардың құрылысшылары үлескерлердің ақшасын тартуға құқылы. ҚТК ақпараты бойынша, бұл нысандар «Қазтіркеу» үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркелген, демек үлескерлердің ақшасы қорғалған.

Үлескерлердің ақшасын тарта алатын құрылыс компаниялары туралы өзекті ақпаратты https://homeportal.kz/shared-construction-objects «Тұрғын үй порталы» сайтынан, «Үлестік құрылыс объектілері» бөлімінен табуға болады, осылайша ықтимал тәуекелдердің алдын алуға және үлескер ретінде алданып қалмауға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй-құрылыс саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қойылған міндеттердің тиімділігін арттыру мақсатында ҚТК еліміздің өңірлеріндегі негізгі нысаналы аудиториялар (құрылыс салушылар) арасында жұмысты тұрақты ақпараттық тұрғыда насихаттауды жалғастырады.

Баспасөз қызметі

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ

+7 7172 797575, ішкі. 2394

pr@khc.kz, www.khc.kz