Бүгін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (ары қарай – ҚТК) өкілдері «Атамекен» ӨКП алаңында Қазақстан құрылыс салушылар бірлестігі, Homsters.kz порталымен бірлесе отырып, Қарағанды облысының құрылыс салушыларымен жоспарланған Road-shoow аясында кезекті кездесуін өткізді.
«Үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушыларға кредиттерді субсидиялау тетіктері» жайлы өткізілген презентация аясында жиынға қатысушыларға Бірыңғай оператордан кепілдік алу талаптары, кепілдік беру кезінде шарттардың барлық түрлерін жасасу тәртібі, заңнамада көзделген субсидияларға өтініш беру тәртібі туралы толық ақпарат берілді.
Спикерлер үлестік құрылыс бизнесін дамыту мақсатында жасалатын шаралар бойынша ұсыныстарды талқылады. 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап (ҚР ҰЭМ Бұйрығына енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді) «ҚТК» АҚ Кепілдік алу құжаттары 2 есеге қысқарғаны туралы айта кеткен жөн. Бұйрыққа өзгертулер қабылданғанға дейін құжаттар саны 43 болса, қазіргі уақытта 23-ке қысқарды.
Сондай-ақ, жиында облыстағы жосықсыз құрылыс салушылар мен проблемалық нысандарға қатысты сұрақтар көтерілді. Облыс әкімдігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/592112?lang=kk) хабарлауына сүйенсек, үш тұрғын үй кешенін рұқсат етілмеген құрылыс деп тану туралы экономикалық сотта талап-арыздар бар. Олар «Al-Farabi» тұрғын үй кешені («T-K Building» ЖШС құрылыс салушы), «Хан» тұрғын үй кешені («TT-Invest» ЖШС құрылыс салушы) және «Нұра» тұрғын үй кешені («Satti Lux Stroy» ЖШС құрылыс салушы). Үлескерлерден заңсыз қаражат жинаған 15 компанияға 320-бап бойынша айыппұл салынды. Қала құрылысын бақылау басқармасының жұмысында осындай заңбұзушылыққа жол берген тағы екі компания бар. Осы жерде тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі күні Қарағанды облысында «ҚТК» АҚ кепілдігімен салынып жатқан бірде-бір нысан жоқ.
ҚТК өкілдері өз кезегінде барлық үлескерлерді https://homeportal.kz/shared-construction-objects порталында салынып жатқан нысан туралы ақпаратты қайталап тексеруге, осылайша ықтимал тәуекелдерді жойып, алданып қалмауға шақырды.
Тұрғын үй-құрылыс саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қойылған міндеттердің тиімділігін арттыру мақсатында ҚТК еліміздің өңірлеріндегі негізгі мақсатты аудитория арасында тұрақты түрде ақпараттық қамту, түрлі нысандарда кездесулер өткізу арқылы осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, іш. 2394
+7 701 999 5010
pr@khc.kz, www.khc.kz