Жезқазған қаласы 2023 жылғы 13 қыркүйек
Бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ заңды тұлғалармен жұмыс бойынша департамент директоры Жезқазған қаласының құрылыс салушыларымен кездесті.
Кездесу барысында Әйгерім Құрманбаева тұрғын үй құрылысы үшін сыйақы мөлшерлемесіне кепілдік беру және субсидиялау тетіктері туралы айтып берді. Өтінімдерді онлайн-портал арқылы беру кезінде үлгілік қателер туралы және құрылыс салушылардың басқа да қызықтыратын мәселелері талқыланды.
Кепілдіктер мен субсидиялар алуға өтінімдер digital.baiterek.gov.kz онлайн-порталы арқылы беріледі. Құжаттардың жаңартылған тізімі мен жаңа үлгілері бірыңғай оператордың ресми сайтында және Digital Baiterek порталында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://digital.baiterek.gov.kz/services/guranteeing001.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2394