«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері Шымкент қаласының құрылыс салушыларымен кездесті

Бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері Шымкент қаласының құрылыс салушыларымен кездесті.

Кездесуде «Үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері» атты презентация ұсынылды. «ҚТК» АҚ заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Әйгерім Құрманбаева бірыңғай оператордың кепілдігін алу талаптары, кепілдік беру кезінде шарттардың барлық түрлерін жасасу, заңнамада көзделген субсидиялауға өтінім беру рәсімдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Деректер бойынша https://homeportal.kz/shared-construction-objects қазіргі уақытта Шымкент қаласында «ҚТК» АҚ кепілдігімен салынып жатқан 7 нысан бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес үш заңды әдіс бар:

* «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) кепілдігін алу;

* Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

* Құрылыс салушының өз қаражаты есебінен тұрғын ғимараттың қаңқасын тұрғызғаннан кейін ЖАО рұқсатын алу.

ҚТК жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ықтимал тәуекелдерді қалай жою және алданып үлескер болмау туралы ақпаратпен БАҚ-та үнемі материалдар жариялайды. Үлескерлердің ақшасын тарта алатын құрылыс компаниялары туралы өзекті ақпаратпен тұрғын үй порталында «Үлестік құрылыс объектілері» https://homeportal.kz/shared-construction-objects бөлімінде танысуға болады. Сол порталда, «Үлескердің жеке кабинеті» бөлімінде енді «Қазрестр» жүйесінде КДҚ-ның тіркелуін тексеруге болады.

Тұрғын үй-құрылыс саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қойылған міндеттердің тиімділігін арттыру мақсатында ҚТК тұрақты ақпараттық насихаттау арқылы ел өңірлеріндегі негізгі нысаналы аудиториялар (құрылыс салушылар) арасында жұмысты жалғастырады.