«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) генеративті жасанды интеллект негізінде инновациялық сервис – «Үлескерлерді қолдаудың онлайн–орталығын» ұсынды.
«Үлескерлерді қолдаудың онлайн – орталығы» ҚР заңнамасы және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар негізінде үлестік құрылыс саласындағы пайдалы ақпарат бөлімдерінен тұрады. Сервистің негізгі құрамдас бөлігі-үлескерлердің құқықтарын қорғау және үлестік құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру үшін құрылған генеративті жасанды интеллектті қолданатын iBota чат-боты болып табылады.
IBota чат-ботының көмегімен үлескерлер:
- ҚР заңнамасының негізінде Қазақстанның аумағында салынып жатқан тұрғын үйді сатып алумен байланысты сұрақтарға жауап алып;
- «Казреестр» жүйесімен бірігу арқылы үлескерлердің қаражатын тарту үшін құрылысшыларда рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексере алады.
Күтілетін әсер:
- нарықты көлеңкеден шығару: заңды үлестік құрылыстың үлесін ұлғайту (бүгінде нарықтың 67% – ы «сұр» аймақта);
- үлескерлердің мүдделерін қорғау: алаяқтық тәуекелдерін төмендету;
- жылдамдық пен қолжетімділік: сұраныстарды өңдеу уақытын қысқарту және ақпараттың қолжетімділігін арттыру.
Қазіргі уақытта iBota чат-боты бета-тестілеу режимінде жұмыс істейді. Пайдаланушылар қазірдің өзінде оның функционалдығын сынап көре алады және кері байланыс беру арқылы қызметті жақсартуға үлес қоса алады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz