ҚТК мен Q88 қалаларды кешенді дамыту мақсатында меорандумға қол қойды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) және «Q88 аумақтарды орнықты дамыту қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Q88) Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту және урбанистика саласындағы негізгі міндеттерді шешуге бағытталған стратегиялық әріптестік туралы жариялады.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты мастер – жоспарлауды, қалалық орта сапасының индексін құруды және тұрақты қала дамуы үшін жағдай жасау, сондай-ақ қалалық аумақтарды кешенді дамыту болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Тараптар жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайтын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев пен Q88 атқарушы директоры Мадияр Дәуірбаев қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • қала құрылысы стандарттарын мастер-жоспарлау және дамыту бойынша құзыреттер орталығын құру;
  • қызметкерлердің кәсіби даму бағдарламалары бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыру;
  • бірлескен зерттеулер жүргізу және тұрақты қала құрылысы үшін шешімдер әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • урбанизация деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
  • қалалық инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тарту;
  • халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жайлы, қауіпсіз және заманауи қалалық ортаны қалыптастыру.

Анықтама:

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ – Қазақстан халқын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету миссиясы болып табылатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы. Толығырақ веб-сайтта: https://khc.kz/kk/

«Q88 аумақтарды орнықты дамыту қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі – қала құрылысы, орнықты даму және Жасыл экономика саласындағы жобалардың кең спектрімен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Толығырақ веб-сайтта: https://q88.kz/kz

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz