Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Тұрғын үй порталында үлестік құрылыс нарығының аналитикасын ұсынды

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) тұрғын үй порталында келесі сілтеме бойынша қолжетімді «Аналитика» жаңа бөлімін іске қосты. Бұл бөлім пайдаланушыларға Power BI көмегімен жасалған интерактивті бақылау тақталарын ұсынады, олар қазіргі уақытта Қазақстандағы үлестік құрылыс нарығының негізгі көрсеткіштерін көрсетеді.

«Аналитика» бөлімінде келесі статистикалық мәліметтер келтірілген:

  • Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттар мен кепілдіктердің саны: Көрсеткіш үлестік құрылысқа қатысушылардан қаражат тарту үшін құрылыс салушыларға берілген рұқсаттардың/кепілдіктердің динамикасы мен көлемін көрсетеді.
  • Тіркелген үлестік қатысу туралы шарттардың саны: Статистика үлескерлер мен құрылыс салушылар арасындағы «Қазреестр» ақпараттық жүйесінде ресми тіркелген шарттардың санын көрсетеді.
  • Үлестік тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: үлестік құрылыс шеңберінде тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құнының көрсеткіші, бұл баға үрдістерін бақылауға және инвестициялау кезінде негізделген шешімдер жасауға мүмкіндік береді.

ҚТК пайдаланушыларға Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы туралы барынша пайдалы және өзекті ақпаратты ұсынуға ұмтыла отырып, Тұрғын үй порталының сервистерін жетілдіруді жалғастыруда.

Баспасөз қызметі
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
7 7172 797575, ішкі 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz