2024 жылғы 21 қазанда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) «Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы маңындағы жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені (сыртқы инженерлік желілерсіз және қазандықсыз)». Бірінші кезек (Б, Б1, Б2, Б3, В, В1, Г, Д блоктар)» объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы жариялады.
Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында Компания объектінің құрылысын қайта бастау үшін тиісті іс-шараларға кіріседі.
Анықтама: 2021 жылғы 18 қарашада «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС және «Garant Investment» ЖШС-мен «Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы маңындағы жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені (сыртқы инженерлік желілерсіз және қазандықсыз)». Бірінші кезек (Б, Б1, Б2, Б3, В, В1, Г, Д блоктар)» объектісі бойынша № ДПГ-21-01-039/098 кепілдік беру туралы шарт жасасты, пайдалануға беру мерзімі 2024 жылғы 3 қаңтардан кешіктірмей берілуі тиіс.
Құрылыс салушының өтініштері негізінде 2024 жылғы 3 қаңтар мен 2024 жылғы 3 қазан аралығында бірыңғай оператор құрылыс мерзімдерін ұзартуды үш рет мақұлдады. Қабылданған шараларға қарамастан, объектінің құрылыс барысының мониторингі пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мерзімдері бойынша елеулі артта қалушылықты анықтады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңның нормаларына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімі бұзылған жағдайда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын тану туралы шешім қабылдайды.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі. 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz