ҚТК Ақмола облысының құрылыс салушыларына арналған семинар-кеңес өткізді

2023 жылдың 13 сәуірінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері «Ақмола облысының МСҚБ басқармасы» ММ-мен бірлесіп құрылыс саласындағы кәсіпкерлер үшін семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері таныстырылды.

Құрылыс салушылармен кездесуде ҚТҮК өкілдері бірыңғай оператордың кепілдігін қалай алуға болатынын, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қалай өтінім беру керектігін, қандай құжаттарды тапсыру керектігін және онлайн-портал арқылы өтінім беру кезінде қандай үлгілік қателер бар екенін айтып берді, сондай-ақ құрылыс салушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Айта кету керек, құрылыс салушылар кепілдік пен субсидия алуға өтінімдер digital.baiterek.gov.kz онлайн-порталы арқылы беріледі, порталда үйден шықпай-ақ өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.

2021 жылы ҚТҮК «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесін (homeportal.kz) іске қосты, оның «Үлестік құрылыс объектілері» бөлімінде кез келген азамат әкімдіктің қажетті рұқсаты немесе үлескерлердің қаражатын тартуға ҚТҮК кепілдігі бар барлық заңды салынып жатқан объектілер туралы ақпарат ала алады. Объектілер бойынша деректер «Казреестр» бірыңғай ақпараттық жүйесінен түседі.

Оқыту семинарларын компания еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде өткізеді.

Сондай-ақ, өтінім беру туралы барлық ақпаратты компанияның khc.kz веб-сайтынан «Құрылыс салушыларға» бөлімінен немесе «Консультация қажет» бөлімінде кеңеске жазылу арқылы табуға болады.