Қазақстан Тұрғын үй Компаниясында («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) аумақтарды дамыту және құзыреттілік орталығының базасында аумақтарды кешенді дамыту әдіснамасын зерделеуге арналған дөңгелек үстел өтті. Талқылауға түрлі сала мамандары, соның ішінде қала құрылысы және экономика саласындағы әлеуметтік ғылым мен инженерлік саласының сарапшылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты сарапшылар арасында тиімді диалогты қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру еді. Әлеуметтік, экономикалық және кеңістіктік аспектілер өзара байланыста қарастырылатын аумақтарды дамытудың біртұтас көзқарасын қалыптастыру жолында жан-жақты білім мен тәжірибені біріктіру тәсілдері талқыланды.

