Құжатқа «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Күздібаев пен «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Вячеслав Пак қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – Тараптардың мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, халық үшін қолжетімді, жайлы, қалалық және әлеуметтік ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасының қалаларын орнықты дамытуға бағытталған ынтымақтастығын арттыру.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- Қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерге ыңғайлылық стандарттарын әзірлеу.
- Инклюзивті жобалау мәселелері бойынша мамандар даярлау және персоналды оқыту.
- Объектілердің ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкестігіне мониторинг, сертификаттау және тәуелсіз сараптама.
- Инклюзивтілік деңгейін арттыратын шешімдерді енгізгені үшін құрылыс ұйымдарын ынталандыру жүйесін құру.
- Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін цифрлық және навигациялық шешімдерді қоса алғанда, қолжетімді ақпараттық ортаны дамыту.
- Мемлекеттік органдар, жобалау ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен сараптамалық қоғамдастық қалыптастыру.
- Білім мен озық тәжірибемен алмасу үшін семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.
Осы ұйыммен Меморандум жасасу оның сараптамалық әлеуетін және Қазақстандағы қалалық ортаны жақсарту үшін үздік тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
ҚТК мен қауымдастық арасындағы өзара іс-қимыл еріктілік, ашықтық және тәуелсіздік қағидаттарына негізделеді. Бірлескен қызметтің коммерциялық сипаты жоқ және пайда табу мақсатын көздемейді.
Анықтама үшін:
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ — миссиясы Қазақстан халқын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылатын, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы. Толығырақ https://khc.kz/ru/ веб-сайтында
«Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі («ЕА ИҚД» ЗТБ) – инклюзивті даму және кедергісіз орта құру саласында жұмыс істейтін халықаралық, тәуелсіз, үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. Толығырақ: https://inclusia.kz/
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550, 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz
